«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

№4 цех –   тасымалдау, сақтау, мұнай және мұнай  өнімдерін қабылдау-тиеу жұмыстарын орындайтын цех. Цехтың құрамына резервуар парктері, мұнай өнімдерін құю және қотару эстакадалары, шикізат сорғылары, мұнай өнімдерін құю және қотару сорғылары, жеңіл фракцияларды сүзу қондырғылары, автоцистерналарға мұнай өнімдерін құю блогы енеді.

Цехтың негізгі жұмысы - қабылдау, сақтау және қондырғыларды  магистральды мұнай құбырларымен келетін және вагон цистерналарымен әкелінетін  шикізатпен қамтамасыз ету; технологиялық қондырғылардан алынатын мұнай өңдеу өнімдерін қабылдау және сақтау; тауарлық мұнай өнімдерін дайындау және сақтау; мұнай өнімдерін темір жол вагон цистерналарына  тиеп жөнелту  болып есептеледі.