«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
1.jpg


«Атырау» МӨЗ» ЖШС-ында түрлі ағын сулар жиылып қалады. Ағын сулар биологиялық тазалаудан өткізу үшін «механикалық тазалау қондырғысына» (МТҚ)  түседі.    Тәулігіне қуаты 15,48 мың. м3 «Биологиялық тазалау қондырғысы» (БТҚ) 2006 жылы пайдалануға берілді.  Ағын суларды биологиялық тазалау қондырғысы екі ағынды Механикалық тазалау қондырғысы мен тұрмыстық қалдықтар сарқындысын өңдеуден өткізеді. 


Суды өңдеу жүйесі мынадай үдерістерден өтеді: 

  • флокуляция және флотациялау үдерісі;

  • биологиялық тазалау үдерісі;

  • фильтрлеу және хлорлау;

  • қалдықты құрғату үдерісі.

Бірінші кезеңде флокуляциялау және флотациялау блогы (ФФБ) коагуляциялау-флокуляциялаудан үдерісінен өтеді. Ол арқылы қатты қалдықтар бөлшектері мен коллоид заттары шығарылады. Флотациялау үдерісі қатты және жұмсақ қалдықтар бөлшектері флотациялау блогында өткізіледі.

Флотациялау үдерісін жақсарту үшін қосымша биологиялық қалдық енгізіледі. Қондырғы ыдыстың астындағы ірі және қатты қалдықтар бөлшектерін алып тастау үшін түпкі қалдықтарды шығару жүйесімен жабдықталған. Флотациялау кезінде жоғарыдағы үстіңгі қабаттағы сарқынды сулар құрғату блогына ағызылады.

ФФБ-да  тазаланған сарқынды сулар өздігінен ағызылып, биологиялық тазалау блогына кетеді. Биологиялық тазалау блогына басқа да арналардағы бөлек сарқынды сулар да түседі. Суды тазалау кезіндегі биологиялық үдерістер табиғи ортадағы жағдайлар секілді жасалады. Аэрациялық толыққанды органикалық көміртегі көмір қышқыл газы мен биомассаға айналады.

Бактериялардың көбеюі үшін негізгі элементтер: С, Н, О, N,  екінші қатардағы элементтер P, K, S, Mg сонымен қатар витаминдер, гормондар, микроэлементтер қажет.

Биологиялық тазалау қондырғысына түсетін сарқынды сулар құрамында N және P аз. Оның мөлшері аз болғандықтан БПК:N:Р  карбамид және фосфор қышқылы қосылады. Аэрациялық резервуардағы бактериялық тазалау флорасы «белсендірілген қалдық» деп аталады. Тазалауға арналған сарқынды сулар бактериялық флокулятпен кислород қосылып, (аэрация үдерісі) осыдан кейін су флокуляттан бөлінеді ( жарықтандыру үдерісі). Тазаланған судан артық қатты қалдық бөлшектерін шығару үшін құм фильтрі қолданылады.  Колиформ бактерияларының санын азайту мақсатында суды хлорлау жүргізіледі. Сондықтан суға гипохлорит натрий қосылады.

Қалған қалдықты екі блоктың центрифугасы арқылы құрғатылады. Қатты және сұйық қалдық бөлшектерін ажырату үшін Т3 полимері қосылады.                                    

Қалған құрғатылған қалдық бункерде сақталып, автокөлікпен зауыттың қалдықтар сақталатын полигонынан жөнелтіледі.

Биологиялық тазалау қондырғысынан өткізілген тазаланған ағын судың 20-23% көлемі өндіріске пайдалануға қайта жіберіледі.  Қалғаны булануға ұшырайтын сарқынды сулар көлшігіне құйылады