Атырау МӨЗ-інде жалпы шырақ қондырғысын «Қазақ мұнай және газ институты» ААҚ және «омскнефтехимпроект» (Омбы қ.) институты жоба бойынша әзірлеп, қолданысқа 2006 жылы енгізілді. Жаңа шырақ қолданысқа енгізілгенге дейін, бұрынғы 42 метрлік шырақ қолданылды, бірақ жаңа кешендердің қосылуына байланысты толық қамтамасыз ете алмады.
Жалпы шырақ қондырғысы «АМӨЗ» ЖШС ПНГО технологиялық өндіріс құрамына жатады.
Қондырғы технологиялық аппараттардан бөлінетін газ қалдықтарын қабылдау, өртеу және таратуға арналған, технологиялық режим тәртібі нормаларының шектен шығу жағдайларында, аппараттарды жөндеу үшін дайындап шығарған уақытқа, іске қосылған және тоқтатылған уақытқа, авариялық шығыстар мен лықсымалардан алдын ала конденсаттардан бөліп, көмірсутек ортасынан тазарту.
Жүйемен қамтылатын объектілерге мынадай технологиялық қондырғылар жатады:
Шырақ блогы зауыттың оңтүстік-шығысында орналасқан.
Шырақ діңгегі жылу есебі негізінде бір бірінен 160 м қашықта орналасқан. Шырақ діңгегінің айналасына 95 м шеңбер радиусы қашықтықта қоршалған қорғаныс аймағы орналастырылған.
Қорғаныс аймағынан кейін аппараттық аула орналасқан, онда сепараторлар, сорғылар, дренаждық ыдыстар, оталдыру жүйесі және бақылау жанарғысы орналастырылған.
Үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету үшін бірін бірі ауыстыра алатын биіктігі 90 м екі шырақ діңгегі (жұмыс істейтін және резевтегі) жобаланған.
Сондай-ақ №3 шырақ діңгегіне газ қалдықтарын кәдеге жарату торабы күкірт өндіретін қондырғысын авариялық жағдайларда қауіпсіздендіретін клапандар және үйлестіруші клапандар шығаратын қышқыл газдарды жағуға арналған. Шырақ діңгегінің биіктігі – 50 метр.
Барлық шырақ діңгектері жанатын өнімдердің толықтай тарап кетуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар газ концентрациясы берілген норимадан аспайды, ол жөнінде шырақ діңінің периметрі бойынша қондырылған мониторинг құралы көрсетеді.
Жалпы шырақ жүйесі технологиялық тәртіптер бұзылғанда, авариялық жағдайлар туындағанда, іске қосылғанда және тоқтатылғанда сутекті буларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз етуге арналған.
Сондай-ақ зауытты жаңғырту кезеңінде тағы бір шырақ қондырғысы салынды Ол . "Генерация "ПГ" ЖШС және "Омскнефтехимпроект" ААҚ (Омбы қаласы) жоба бойынша орындалған 2223 ХКӨ және МТӨҚ шырақ қондырғылары.
Жаңа алау қондырғысы мыналарды қамтиды:
ХКӨ орнатудың алау жүйесі;
МТӨҚ орнатудың алаулық жүйесі;
МӨҚ және ХКӨ қондырғылары үшін жалпы резервтік алау жүйесі.