Қондырғының ТМД-да баламасы жоқ және жоғары белсенділікпен каталитикалық крекинг қондырғысының сұйытылған газынан тауарлық бензиндерді дайындауға арналған жоғары октанды компонент болып табылатын полимер-бензин алуға мүмкіндік береді.
Бұл процесс күкіртқышқылды және фторсутекті алкилация технологиясының толық алмастырушысы болып табылады. Яғни пайдаланылған қышқылдардың зиянды шығарындыларын толығымен жоюға мүмкіндік береді.
«Oligomegisation» бутендері олигомеризациялау қондырғысының мақсаты - полимер-бензин және полимер-керосин фракцияларын шығару арқылы пропиленді изобутен және қалыпты бутендерді олигомеризациялау.
Олигомеризация блогының номиналды есептік өнімділігі сұйытылған газ бойынша жылына 440,34 мыңды құрайды, бұл алкифайнинг блогының номиналды өнімділігіне сәйкес келеді.
Өнімдер: