Секция 100 - каталитикалық риформинг.*
Риформинг қондырғысы ароматика мөлшері жоғары, зерттеу әдісі бойынша октан саны жоғары (103) риформат фракциясын, сондай-ақ тазалығы жоғары дәрежелі сутегін, сұйытылған көмірсутекті газды және бензол мен толуолдың концентрациясы жоғары жеңіл риформат фракциясын өндіруге арналады
Өнім: риформат, жеңіл риформат, су құрамдас газ (СҚГ), сұйытылған көмірсутекті газ.*
Секция 200 - каталитикалық риформингтің катализатордарының үздіксіз регенерациясы.
Катализаторды үздіксіз қалпына келтіруге арналған. Коксты күйдіру бойынша катализаторды регенерациялау жүйесінің есептік өнімділігі сағатына 59 кг құрайды, катализатордың есептік шығыны сағатына 965 кг тең.
Секция 300 - Morphylane экстракциялық айдау.
Morphylane экстракциялық айдау процесі жеңіл риформаттан хош иісті көмірсутектерді бөлуге арналған.
Номиналды қуаты жылына 417 мың тонна қарайды.
Өнім: экстракт және рафинат.
Секция 400 - бензол-толуол фракциясын бөлу.
Осы қондырғының мақсаты экстракт ағынын экстракциялық дистилляциямен қайта өңдеу болып табылады (300 секция). Ол TransPlus қондырғысынан C6 + өнімімен біріктірілген.
Тауарлық бензол бойынша номиналды қуаты жылына 133 мың тонна, хош иісті көмірсутектер өндірісін енгізуді ескере отырып, бірінші кезеңде жылына 36,35 мың тоннаны құрайды.
Өнім: тауарлық бензол, толуол, С7 + фракциясы; C8 + фракциясы.
Секция 500 - көмекші бөлім.
500 секциясының құрамына мыналар кіреді: