"АМӨЗ" ЖШС-де "2019-2028 жылдарға арналған тұтыну өндірісінің қалдықтарын басқару"бағдарламасы әзірленді.
Қалдықтарды басқару - бұл өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, іске асыру, тексеру және талдау жөніндегі қызмет. Бағдарлама өндіріс пен тұтыну құрылымына оң өзгерістер енгізу үшін экономикалық немесе басқа тетіктерді пайдалана отырып, қалдықтарды азайтудың жедел саясатын әзірлеу мақсатында қалдықтардың көлемі мен құрамында болып жатқан өзгерістерді бағалау рәсімдерінің тиімділігін келесідей жолдармен арттыруға бағытталған:
Осы бағдарламаның мақсаты жинақталған және түзілетін қалдықтардың, сондай-ақ айналыс процесіндегі қалдықтардың көлемін және (немесе) қауіпті қасиеттерінің деңгейін біртіндеп қысқартуға бағытталған белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу болып табылады. Бағдарламаның міндеті жоспарлы кезең шеңберінде жұмыстардың қол жеткізілетін көлемдерін (кезеңдерін) болжай отырып, қойылған мақсатқа неғұрлым тиімді және экономикалық негізделген әдістермен қол жеткізу жолын айқындау болып табылады.
Жинақталатын және түзілетін қалдықтардың көлемін азайтуға бағытталған міндеттер келесілерді ескереді:
Бұл бағдарламада барлық көрсеткіштер өндірістік факторларды, экологиялық тиімділік пен экономикалық орындылықты ескере отырып айқындалған.
"АМӨЗ" ЖШС-нің балансында Атырау қаласының шығысына қарай 1,9 км қашықтықта орналасқан қатты өнеркәсіптік қалдықтарды (биологиялық шлам, белсендірілген көмір, бұзылған керамикалық түйіршіктер) көму полигоны бар. Полигон зауыт аумағынан солтүстік-шығысқа қарай 7,9 км қашықтықта орналасқан.
Мұнай өңдеу зауытын пайдалану процесінде III және IV қауіптілік сыныбында пайда болатын өнеркәсіптік қалдықтар-биологиялық шлам, белсендірілген көмір, керамикалық түйіршіктер өз полигонына шығарылады, қалған түзілген қалдықтар шарт бойынша арнайы компаниялар тарапынан шығарылады.
Кәдеге жаратылған және залалсыздандырылған қалдықтардың үлесі (1-4-сынып)
2019 г.
2020 г.
2021 г.
92,6
97,02
97,3