Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары

Біз өз қызметіміздің атмосфераға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін түсінеміз. Осыған байланысты біз атмосфераға шығарындыларды азайту және бақылау стратегиясын әзірлеуге және инновациялық технологиялар мен жобаларды енгізу мүмкіндіктерін зерттеуге көңіл бөлеміз. Атмосфераға шығарылатын шығарындыларға қатысты ұлттық және халықаралық экологиялық талаптарды сақтауға тырысамыз.

"АМӨЗ" ЖШС-де атмосфералық ауаға қатысты аспектілер бойынша келесі басым бағыттар анықталды:

  • парниктік газдар шығарындыларын басқару;
  • өндірілген өнім көлеміне шығарындылардың қарқындылығы бойынша көрсеткіштерді жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.

Атырау облысы экология департаментінің оң қорытындысын ала отырып 2019 жылы "АМӨЗ" ЖШС 2019-2028 жылдарға арналған ластаушы заттардың нормативтерінің (шекті жол берілетін шығарындылары (ШЖШ)) жобасына түзету жүргізді.  Оң қорытындысы негізінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің зауытқа 2019-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берді.

"АМӨЗ" ЖШС-нің негізгі қағидаты қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрсетілген шығарындылар нормативтері мен ластаушы заттардың шығарындылары лимиттерін қатаң сақтау болып табылады.

Соңғы жылдары зауытта бірқатар жаңғыртулар мен қайта құрулар орын алды. Осылайша 2011-2018 жылдары зауытта индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына, 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына және ҚР Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес іске асырылған ҚР инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізілген "Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені" (МТӨК) жобасы іске асырылды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін К4, К5 класынан төмен бензин мен дизель отынын өндіруге және сатуға заң жүзінде тыйым салынды.

Бензин мен дизель отынының құрамындағы күкірт пен бензол мөлшерінің азаюы есебінен атмосфераға пайдаланылған газдары бар шығарындылардың уыттылығы төмендейді. Сонымен, К4 класты бензиннің құрамында 50 мг/кг күкірт, ал К5 - 10 мг/кг бар, бұл бұрынғы К2-ге қарағанда 10-50 есе аз.

МТӨК құрылысы аясында газды дымқыл тазалау жүйесіне (ылғалды скруббер) негізделген belco халықаралық лицензиялық технологиясы пайдаланылған "каталитикалық крекинг" қондырғысы салынды. Жүйе  каталитикалық крекинг қондырғысынан шығатын газдардан күкірт оксидін, азот оксидін және катализатордың ұсақ дисперсті шаңын жоюға арналған.

Сондай-ақ отын газын аминмен тазарту, диэтаноламин ерітіндісінде абсорбциялау технологиясы кешенді түрде енгізілді. Аминді тазарту блогы күкіртті сутек, көміртек диоксиді, газ көміртегінің монооксиді сияқты  қышқыл компоненттерді жою үшін арналған. Бұл осы заттардың зауыттың  технологиялық пештерде жану кезінде бөлетін улы өнімдерінің шығуын жоюға, осылайша, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға мүмкіндік береді

Өңделген мұнайдан атмосфераға ластаушы заттардың үлестік шығарындылары
жыл/мың тонна

2019 г.

2020 г.

2021 г.

1,93

2,38

2,16