Денсаулық орталық деп атайтын зауыттың медициналық пункті бар. Ол шындығында бұл атауға атымен де, міндетімен де сәйкес келеді. Мұнда жұмысшылар білікті медициналық көмек алады, өндірістен кетпей өздерінің денсаулықтарын жақсартады. Сауықтыру орны шұғыл жәрдемге қажетті дәрі-дәрмектермен толықтай қамиамасыздандырылған. Кәсіпорынның ерекшелігін назарға ала отырып және білікті шұғыл көмек көрсету мақсатында медициналық қызметкерлердің тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылған. Кабинеттер физиопроцедура жасауға арналған ең жаңа құралдар мен аппараттармен жабдықталған, парафин – және шипалы сазбен емдеу бөлмесі, жаттығу құрылғылары бар залы да қарастырылған..
Қызметтің медициналық құрамы – білікті дәрігерлер: профпатолог, терапевт, невропатолог, лор, стоматолог. Олардың барлығы профпаталогия бағыты бойынша мамандандырылған. Шұғыл жәрдем көмек көрсету үшін жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған реанимациялық автокөлік жұмыс жасайды.