Ақпараттық хабарлама

06.05.2024
93 просмотров

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!

Атырау мұнай өңдеу зауыты бұрмаланған деректер (логотип, мөр, бірінші басшының қолы) мен қате реквизиттерді пайдалану арқылы ықтимал алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты хабарлайды:

anpz.kz домендік адресінен (мысалы: ref@anpz.kz) өзге мекен-жайдан келген хаттамалар заңсыз деп саналады. Фишингтік және алаяқтық электрондық хаттар жіберілгенде болжамды жіберушінің мекен-жайы немесе домендік атауы жиі бұрмаланады, ұқсас домендер қолданылады. Құпия деректерге қол жеткізу мақсатында жіберілген алаяқтық хаттамаларда әдетте хабарламаға жауап беру, көрсетілген нөмірге қоңырау шалу, сілтеме арқылы өту немесе тіркелген файлды ашу ұсынылады.

 

Жалған электрондық поштаның белгілері:

✓ Шұғыл әрекетті талап ету. Алаяқтар егер тез арада шұғыл шаралар қабылданбайтын болса, аккаунтыңызға қауіп төнуі мүмкін екенін мәлімдейді.

 

✓ Жалған сілтемелер. Сілтемелер шынайы көрінеді, алайда олар Сізге кесірін тигізуі мүмкін. Сілтемеге өтер алдында оның қайда апаратынын тексеру үшін тінтуір меңзерін URL мекен-жайына бағыттаңыз. Егер сілтеме күдікті көрінсе – баспаңыз.

 

Ескертетін жәйт, «АМӨЗ» ЖШС коммерциялық ұсыныстарды электрондық пошта арқылы жібермейді.

 

«АМӨЗ» ЖШС алаяқтардың арбауына түспеуді және барлық күдікті хабарламалар туралы кәсіпорынның комплаенс-офицерінің жедел желісіне 25-99-25, +7 705 255 70 66, сондай-ақ құзыретті органдарға хабарлауды сұрайды. 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу