"TAZALYQ" –Атырау қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған АМӨЗ –ның экологиялық жобасы, оның негізгі міндеті-қоршаған ортаға жағымсыз әсерді барынша азайту.
Жоба 2023 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.
Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады:
І Кезең. "АМӨЗ" ЖШС механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту;
ІІ кезең. "АМӨЗ" ЖШС-нің нормативті-тазартылған ағын су каналын қайта құру және булану алаңдарын қалпына келтіру.
"TAZALYQ" жобасы сарқынды суларды тазарту сапасын нормативтік көрсеткіштерге дейін жеткізу, тазарту құрылыстарының ашық бөлігінен атмосфераға зиянды булану және булану алаңдарынан қоршаған ортаға әсерін тоқтату есебінен экологиялға айтарлықтай әсер етеді. Өндірістің жер асты суларына, Атырау қаласының флорасына, фаунасына және атмосфералық ауасына теріс әсері жойылады.
Жобаға сәйкес АМӨЗ-дің тазартылған ағындары жаңа жабық арна бойынша қалалық кәріз-тазарту құрылыстарына жіберілетін болады.
Толығымен жабық болатын АМӨЗ-дің нормативтік-тазартылған ағындылар арнасын қайта жаңарту нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуіне жол берілмейді.