О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
О компании
О компании
Действующее руководство
История
Экология и безопасность
Политика в области качества, охраны труда и окружающей среды и выплата налогов
Охрана окружающей среды
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Производственный экологический мониторинг
Водопотребление и водоотведение на собственные (производственные) нужды компании
Охрана труда
Пожарная безопасность
Промышленная безопасность
Проект Tazalyq
Продукция
Производство
Общезаводское хозяйство
Производство ароматических углеводородов
Производство гидрогенизационных процессов
Производство глубокой переработки нефти
Производство и транспортировка нефтепродуктов
ПКИС
ППНГО
Производство тепловой и электрической энергии
Центральная заводская лаборатория
ГТЭС
ISO
Цели и задачи
Политика ТОО «АНПЗ»
Сертификаты
Социальная сфера
Жилищное строительство
Медицинский центр
Программа медицинского страхования
Отдых детей
Обучение
Забота о ветеранах
Зал истории и трудовой славы
Социальная поддержка
Спортивная работа
Активы
Закупки
Годовой план закупок
План долгосрочных закупок
Нормативные документы
Дополнительная информация
Карта мониторинга
Архив
Закупки
Проекты модернизации
Реализация проекта "Строительство комплекса глубокой переработки нефти"
Реализация проекта "Строительство комплекса по производству ароматических углеводородов"
Банк идей
Блог
Письменные обращения
О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Главная
Пресс-центр
Новости
Экологиялық кеңес: экология, тиімділік және ынтымақтастыққа назар
Экологиялық кеңес: экология, тиімділік және ынтымақтастыққа назар
15.09.2022
701 просмотров
15 қыркүйекте Атырау қаласы жұртшылығының бастамасымен және энергетика министрлігінің тікелей қолдауымен құрылған «АМӨЗ» ЖШС қоғамдық экологиялық кеңесінің (ҚЭК) бірінші жиналысы өтті.
Қоғамдық экологиялық кеңес тобы 13 адамнан құралады. Сарапшылар тобында зауыт басшылығы, кәсіби экологтар мен экоактивистер, техника ғылымдарының кандидаттары, экономика ғылымдарының докторы, депутаттар, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары бар.
Экологиялық кеңесті құрудың мақсаты азаматтық қоғамның АМӨЗ өндірістік қызметінің шешімдерін қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігі, азаматтық қоғамның қоршаған ортаны қорғау саласындағы АМӨЗ қызметі және экологиялық жобаларды іске асыру туралы пікірін білдіру және экологиялық проблемаларды шешуде тиімді ұсынымдар әзірлеу.
Жиналыс барысында «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Мұрат Досмұратов сөз сөйледі:
- Бұл біздің экологиялық кеңес ретіндегі алғашқы кездесуіміз. АМӨЗ үздіксіз негізде мұнай өңдеуді және мұнай өнімдерін өндіруді қамтамасыз ететін бірінші санаттағы өрт және жарылыс қаупі бар өнеркәсіптік объект болып табылады. Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін бізде барлық құралдар бар, егер зауытта қала экологиясына әсер ететін проблемалар туындаса, біз оларды сіздермен бірге шешкіміз келеді. Біздің инженерлер, технологтар зауыттың қауіпсіздігіне көп көңіл бөледі. Қазіргі уақытта TAZALYQ жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде, оған АМӨЗ аумағындағы механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту кіреді. Су тұтынуды азайту бойынша бізде нақты ұсыныстар мен жоспарлар бар.
Жалпы, сізден барлық зауыттық технологиялық процестерді зерделеуді және өндірістік тәуекелдерді объективті талдауды сұраймын. Талдау нәтижесінде біз нақты ұсыныстар мен экологиялық кеңестің жұмыс жоспарын әзірлей аламыз және бірге жұмыс жасай аламыз. Мен кәсіпорын басшысы ретінде кеңестің құрылуын өзім қолдадым және осы бірлестіктің тиімді жұмыс істегенін қалаймын.
Шынар ІЗТЕЛЕУОВА, «Жайық-Каспий Орхус орталығы» корпоративтік қорының жетекшісі, Атырау облысы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі:
- Қоғамдық экологиялық кеңес - бұл халық пен «АМӨЗ» ЖШС үшін диалог алаңы. Сіз осындай сараптамалық құрамда қоғамдық экологиялық кеңес құрған алғашқы кәсіпорын болдыңыз. Бірлескен жұмыс Атырау қаласы тұрғындарының игілігіне бағытталады деп үміттенеміз.
Экологиялық омбудсмен Салтанат Рахимова қатысушыларды кеңес мүшелері қабылдаған бірлескен түзетулерден кейін қоғамдық экологиялық Кеңес туралы Ережемен таныстырды. Экологиялық кеңестің теңтөрағасы болып Ш.Изтелеуова мен А. Шошанбасов сайланды.
Сұрақтар мен жауаптар сессиясынан кейін қоғамдық кеңестің мүшелері кеңестің регламенті мен жұмыс жоспарын, кеңестер өткізу кестесін және оған Кеңес мүшелерінің онлайн қатысу мүмкіндігін әзірлеуді шешті.
Отырыс соңында қоғамдық кеңес мүшелері зауыт аймығында күкірт өндіру қондырғысы жұмысының барлық кезеңдерімен және жалпы өндіріс барысының ерекшеліктерімен танысты. Одан әрі делегация механикалық тазарту құрылыстарының (МТҚ) алаңына барды, қазіргі кезде механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңартудың 1 кезеңі аяқталуға жақын.
«АМӨЗ» ЖШС еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау жөніндегі басқарушы директор Әділет Шошанбасов пен күрделі құрылыс департаментінің директоры Рулан Ажгалиев қатысушыларды зауыттың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысымен таныстырып, Tazalyq жобасының жай-күйі, оның іске асырылу барысы және зауыт аумағындағы МТҚ құрылысының барлық кезеңдері туралы айтып берді.
Қоғамдық экологиялық кеңестің мүшелері өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ зауытта енгізілетін жаңалықтар мен инновациялар туралы толық ақпарат алды.
Баспасөз қызметі
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Новости
Фотогалерея
Видеоролики
Корпоративные СМИ
Все
Газета Новатор
Еңбек адамы
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться
Подписка на рассылку
Email
*
Подписаться
Закрыть
Вход в личный кабинет
Логин
Пароль
Забыли пароль?
или
зарегистрироваться
Восстановление пароля
E-Mail:
*