Техникалық кітапхана

Тех библиотека.jpg

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызмет еткен жылдар бойына Техникалық кітапхана да қатар қызмет көрсетіп келеді. Онда  кәсіпорынның салалары мен негізгі іргелі ғылымы бойынша әдебиеттер орын алған. Ғылыми қордың бір бөлігін әртүрлі тақырыптағы  отандық және шетелдік  журналдар құрайды.  Оқырмандарға дәстүрлі  қалыптасқан қызмет көрсетіліп келді, 2009 жылдан бастап «on-line» режимінде жұмыс істейтін  электрондық кітапхана құрылды.  Бүгінгі таңда электрондық кітапхананың   1 500 дана кітап қоры бар. Зауыт кітапханасын  барлық зауыт ұжымы, олардың балалары, студенттер және оқушылар қолданады.      

Кітапханада қордағы кітаптарды толық көрсететін  дамытылған каталог жүйесі бар. Оның құрамына алфавиттік және жүйелі каталогтар, оқу құралдары мен әдебиеттер каталогы және электрондық каталог жатады. Онда білім салалары мен негізгі іргелі ғылымдар  бойынша әдебиеттер  көрсетілген. Кітапхана түрлі кітаптар мен әдебиеттер  жинақтарын қуана қабылдайды. Кітапханаға келіп түсетін кітаптар мен мерзімді басылымдардың тізімі жүргізіледі.