Әлеуметтік қолдау

Ұйымның әлеуметтік саясаты еңбек ұжымын тұрақтандыруға және әр жұмысшыға деген қамқорлыққа бағытталған. Серіктестік өз жұмысшыларын «АМӨЗ» ЖШС жұмысшыларын әлеуметтік қорғау ережелеріне» сай ауқымды әлеуметтік пакет құрамына енетін жеңілдіктер мен өтемақылармен қамтамасыз етіп келеді. 

Олардың ішіндегі маңыздылары ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

  • Айлық жалақысы сақтала отырып мынадай жағдайда әлеуметтік демалыс:
    • бала туғана;
    • қызметкердің өзінің некелесуі;
    • жақын туыстары қайтыс болған жағдайда;
  • денсаулық жағдайы бойынша еңбек қызметін жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда еңбек шарты бұзылған кезде біржолғы төлем;
  • зейнеткерлік жасқа толу бойынша еңбек шартын бұзу кезіндегі біржолғы төлем (еңбек шартын бұзу күні мен зейнеткерлік жасқа жеткен күн арасындағы мерзімге қарамастан);
  • жерлеуді ұйымдастыруға материалдық көмек;
  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына материалдық көмек;
  • қызметкердің алғашқы некеге тұруына байланысты материалдық көмек;
  • бала тууға (бала асырап алуға) байланысты материалдық көмек;
  • қызметкер 50, 60 жасқа толған кезде қызметкердің мерейтойына материалдық көмек көрсету;
  • қызметкер қатарынан бір айдан астам еңбекке жарамсыздық парағында болған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыға қосымша ақы;
  • АМӨЗ ЖШС Басқармасының шешімі бойынша басқа жағдайларда материалдық көмек;
  • Әлеуметтік және оқу демалыстарын төлеу;
  • жүктілікке байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақы есебінен жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлеу
  • ақылы әлеуметтік демалыс беру;
  • ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарында негізгі зауыттық мамандықтар бойынша өндірістен қол үзбей оқитын қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер;
  • 7 жастан 14 жасқа дейінгі қызметкерлердің балаларының жазғы демалысының құнын ішінара өтеу;
  • 1,5 жастан бастап мектеп жасына дейінгі балалары бар қызметкерлерге ай сайынғы ішінара өтемақы;
  • мектеп жасындағы балалары бар қызметкерлерге біржолғы материалдық көмек;
  • 13 жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтар беру;
  • медициналық қызмет көрсету;
  • тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
  • жоғары оқу орындарында, аспирантурада, докторантурада өндірістен қол үзбей оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру, дипломдық жобаны (жұмысты), диссертацияны дайындау және қорғау кезеңіне өндірістен қол үзбей ұзақтығы жылына 40 күнтізбелік күнге дейін ақылы қосымша демалыс беріледі;

2021 жылы 101 зауыт тұрғыны жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер алып, тұрғын үй жағдайын жақсартты, 13 зауыт тұрғыны қайталама тұрғын үй алды, 28 перспективті жұмысшы пайызсыз ипотекалық қарыз алды.