Балалар демалысы

Қызметкерлердің жұмысқа деген оң көзқарасы, олардың еңбек қызметіндегі жоғары ынтасына демалыс кезінде балаларының жақсы демалуы, денсаулығын нығайту және күн тәртібін қалыптастыруға  қолайлы жағдай қалыптастыру өз септігін тигізеді. Осы мақсатта кәсіпорын жазғы және қысқы кезеңдерде Қазақстан Республикасы мен ТМД шегіндегі сауықтыру лагерьлерінде балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Зауыт жолдама мен жол жүру құнын ішінара өтейді.

Жыл сайын үш жүзден астам бала Көкшетау, Алматы қалаларындағы демалыс лагерлеріне барады. Бұл-Ақмола облысының Зеренді ауылындағы "Сұңқар" сауықтыру кешені, Алматы қаласындағы "Тау-Самал" балалар сауықтыру кешені, "Ақ бұлақ" шипажайы сияқты мәдени бағдарламаға толы әрі түрлі емдеу-сауықтыру рәсімдерін алуға мүмкіндік беретін демалыс орындары.

Сондай-ақ, жыл сайын зауыт жұмысшыларының балалары үшін қаланың үздік мәдениет сарайларында театрландырылған қойылымдармен жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізіліп, тәтті жаңа жылдық сыйлықтар табыс етіледі.