АМӨЗ-дің кәсіподақ ұйымы республикалық конкурста үздік атанды

10.02.2024
378 просмотров
АМӨЗ-дің кәсіподақ ұйымы республикалық конкурста үздік атанды
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қорытынды отырысы барысында «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланған 2023 жылы өткізілген республикалық тақырыптық байқаулардың қорытындысы анықталды. «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ ұйымы «Үздік кәсіподақ ұйымы – 2023 жылдың қауіпсіз еңбек саласындағы көшбасшысы» байқауының жеңімпазы атанды.

Тақырыптық сайысқа химия, мұнай-химия және туыстас салалардың 18 кәсіподақ ұйымы қатысты. Конкурстық комиссия кәсіпорындардың жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға қосқан үлесін және оның нәтижелерін бағалады. 2023 жылы «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ ұйымы зауыттықтар арасында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара өткізді.

«Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымын маңызды жеңіспен құттықтаймын. Бұл республикалық кәсіподақтар комитеті басшылығы тарапынан жоғары бағаланған 2023 жылдағы жоғары жетістігіміз деп санаймын. Өткен жылы жұмысшылар арасында жарақаттану фактілерінің, кәсіптік аурулардың және жол-көлік оқиғаларының тіркелмеуі нәтижесінде жеңіске жеттік. 2024 жылы да еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоғары деңгейде жалғастыруды тілеймін», - деді «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалымжан АМАНТУРЛИН.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу