Жетістікпен алдағы мақсатқа жету

08.02.2017
517 просмотров

         8 ақпанда «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, аутсорсинг компнаиялардың өкілдері мен зауыт ардагерлері де шақырылды. Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды: 2016 жылдың жұмыс қорытындылары және бас директордың кәсіподақ комитеті басшысы, цех комитеттерінің жетекшілерімен кездесу-кеңесі.    

       

Күн тәртібі бекітілген соң, ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК, «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ тапсрымаларының орындалуы және өндірістік жұсыстардың қорытындылары туралы зауыттың бас директоры Ғалымжан Амантурлин баяндама жасады. Баяндамадан соң қатысушылар бас директорға өндірістік жұмыстарға байланысты сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

       Екінші мәселе бойынша зауыттың кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов бас директорға жалпы кәсіподақ жұмысынан шолу жасады. Кәсіподақтар зауыт басшылығына жыл ішінде алдын ала келісілген меморандумның бұзылмағанын атап өтті. Еңбеккерлер алдында зауыт басшылығы барлық талаптарды орындап отыр. Кәсподақтар кездесуде бас директордан спортшыларды жаттықтыру мен жарыстар өткізуге спорттық кешендерді жалдауға қаржы бөлуді қарастыруын сұрады.     

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу