Жолдау елдің даму бағытын айқындап берді

02.02.2017
563 просмотров

Өтесін Уандықов, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлімінің бастығы:

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқы әрдайым асыға күтеді. Себебі, мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің барлық маңызды салаларының жұмысына объективті баға беріп қоймай, мемлекет мен қоғамның әл-ауқатын әрмен қарай көтерудің басты бағыттарын белгілейді.   

Биылғы халыққа Жолдау, менің ойымша, біршене себептер бойынша өте маңызды боп саналады.

Біріншіден, бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс салдарына байланысты ел ішіндегі қаржылық-экономиқалық жағдайды қалыпты ұстап қалу мақсатында біраз шараларды белгілеуге бағытталған.

Екіншіден, әлемдегі саясат пен соғыс қатерінің бейбір жағдайларына Қазақстанға көршілес Ресей мен Түркия елдерінің қатысты болуы. Елбасы бұл жағдайға қатты алаңдаушылық білдіріп, еларалық қарым-қатынастардың оңтайлы шешімін табуға жұмыстануда. 

Үшіншіден, Жолдау әрқашанда Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған әрекеттердің нақты жоспарын және алдын ала белгіленген болашақ дамудың орындалуын қамтиды.

Жолдаудың бастан-аяқ мағынасы еліміздің тұрақтылығы мен тиянақтылығын терең қамқорлау, қол жетізген нәтижелердің мықтылығы мен жалпы прогресі, сонымен қатар болашақ бағыттың жоғары және нақты деңгейін қамтиды.

Елбасы Үкімет алдында мемлекет бюджетінің көптеген шығыс баптарын қайта қарау немесе қысқарту туралы нақты тапсырма қойды. Бірақ көңілге қонарлық жай Елбасының табысы төмен отбасылардың, зейнеткерлер мен бюджет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік ынталандыру шараларын сақтап қалудағы нақты көзқарасы болды.

Жыл сайынғы Жолдауында Елбасы білім беру саласын да тыс қалдырмайды. Биылғы Жолдауда жастарға кәсіби білім беретін оқу орындарын дамытуға ерекше мән қойды. Осыған байланысты 2017 жылы елімізде тегін кәсіби білім беру енгізілмек. Жұмысшы мамандықтарының басымдылығын артыру, демек ол халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту және еңбектегі ұрпақ мұрагерлігін дамыту болып табылады. Үлкен жетістікке жету оңай емес. Ол жұмысшы табалдырығын аттап, жұмыс киімінде және ауыр күрекпен от жалын алдында еңбек етуден басталады. Бұл Елбасының өз еңбек өмірбаянын жастарға үлгі-өнеге ретінде келтіруі.    

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу