Экологиялық ахуал ақпараты

09.12.2016
560 просмотров

(2016 жылдың 30 қараша мен 7 желтоқсан аралығы)

   Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 115 700 м3  құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 61 548 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың  26 654 м3, яғни, 30,2% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 473 зерттеу, айналма сулардың сапасына 94, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 325 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 734 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ. 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу