Марапат иегерлері

12.12.2014
701 просмотров
  Тәуелсіздік күні қарсаңында  бірнеше зауыт қызметкерлері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ және "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның марапаттауына ие болды.  Марапатты Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қайрат Оразбаев салтанатты жағдайда табыс етіп, құттықтау лебізін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығымен жемісті еңбегі, кәсібилігі мен жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін «Атырау МӨЗ» ЖШС коммерциялық директоры  Нұрлан Шангереев «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ бұйрығымен жемісті еңбегі, кәсібилігі мен жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін орталық аппараттың материалдық бөлім есепшісі Зурия Кайырғалиева Құрмет грамотасымен марапатталды.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның бұйрығымен мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін  АТ-2  ЭТҚ басшысы Медет Зинуллин Құрмет грамотасымен марапатталды.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның бұйрығымен мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін  №5 цехтың баяу кокстеу қондырғысы технологиялық сорғылар машинисі Қуат Ғабдуллин ескерткіш белгімен марапатталды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу