Көпке қуаныш сыйлаған мереке

16.01.2015
654 просмотров

Жаңа жыл – балалар да, ересектер де ерекше күтетін  таңғажайып мереке.  Осы мереке қарсаңында зауыт кәсіподағы мен әкімшілігі  бірқатар жұмыстар атқарып, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олардың қатарында зауыт зейнеткерлерінің   дәстүрлі жаңа жылдық кездесуі де бар.  Зауыт қызметкерлерінің балалары да назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін  Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен  жаңа жылдық ертеңгілікке билеттер сатып алынып, балалар қызықты ертегі тамашалап, әрқайсысы ойыншықтар мен тәттілер толы сый дорбасын иеленді.

Зауыт бұл жолы да қайырымдылық шараларынан қалыс қалмай, қаладаға түрлі мекемелер мен ұйымдарға барлығы  1088 жаңа жылдық сыйлық табыстады. Зауыттан қайырымдылық көмек алғандар арасында облыстық «Иманғали» мешіті,  облыстық қарттар мен мүгедектер интернат-үйі, облыстық білім басқармасының балаларды сауықтыру орталығы,  Атырау жүйке жүйелері ауруханасы, Атырау қалалық мүгедектер қоғамы, Сабыр Қазыбаев атындағы жетім  және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат, Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнына, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернат, Бөбек үйі, «Мейірім балалар ордені» ҚБ,  №4 өкпе аурулары шипажайлық мектеп-интернаты бар.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу