Мерейтойлық эмблема белгіленді

06.02.2015
630 просмотров

Өткен жылдың 1 шілдесінде бастау алған Атырау мұнай өңдеу зауытының 70 жылдық  мерейтойының эмблемасы эскизін әзірлеуге жарияланған ашық байқау мәресіне жетті.

 Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, комиссия қарауына барлығы 22  жұмыс түскен.  Солардың арасынан №8 цех  слесарі Жайықбай Құмар,   аталған цехтың инженер-технологы Тұрарбек Нұғманов, ЖМЦ экономисі Асылбек Урынбаев, №4 цех инженері Ермек Алтыбаевтардың жұмыстары байқау комиссиясының   оң бағасын алды.  Байқау ережесіне сай,  жобалар композициялық біртұтастығы, дизайнның мәнерлілігі мен қайталанбауы, салтанаттылығы мен қабылдауға жеңілдігі, мазмұны мен тақырыпқа сәйкестігіне қарай бағаланды.  Осы талаптарға сәйкес  деп танылған  Ермек Алтыбаевтың нұсқасы   комиссия мүшелерінің және зауыт басшылығының ұсыныстары негізінде толықтырылып, Атырау мұнай өңдеу зауытының 70 жылдық мерейтойының ресми белгісі ретінде бекітілді.  



Ж

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу