Жетім көрсе, жебей жүретін Атырау мұнай өңдеу зауыты

13.02.2015
625 просмотров

Жетім көрсе, жебей жүретін Атырау мұнай өңдеу зауыты   тағы бір игі істің басынан табылды. Жуырда  Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған балалар үйінің ұжымы зауыт басшылығына хат жазып, көмек сұраған болатын.

Осы орайда   кәсіподақ төрағасы Құсайын Урымбасаров, әйелдер кеңесінің төрайымы  Светлана Шапабаева және  зауытымыздың бірнеше белсенді жастары балалар үйіне барып, күнделікті қолданысқа қажетті гигиеналық заттар, киім-кешек сыйға тартты. 

- Біздің балалар үйінде  3 пен 18 жас  аралығындағы 71 бала тәрбиеленуде. Жылдың басы болғандықтан, кей заттарға тапшылық көріп,  зауыт басшылығынан көмек сұраған болатынбыз. Өтінішімізді жерге қалдырмай,, көмек қолын созған  Атырау мұнай өңдеу зауытының  ұжымы мен кәсіпорын басшысы Қайрат Оразбаевқа алғысымыз шексіз. Былтырғы жылы Қайрат Құлымұлы  автобус гаражын салуға көмектескен болатын. Осындай азаматтар көп болса екен! – дейді балалар үйінің директоры Сәния Мусиева.

Ата-ана мейірімінсіз өсіп жатқан ұл-қыздардың жандарына жылы сөз де дәру.  Ағалық ақ тілегін арнаған кәсіподақ комитетінің төрағасы Құсайын Урымбасаров  балалардың болашағына сенім артатындығын айтты. 

- Сіздер еліміздің, Елбасымыздың,  облыс басшылығының қамқорлығындасыздар. Өздеріңнен ел қамын ойлайтын, жұртына жаны ашитын нағыз азаматтар шығарына кәміл сенемін, - деді ол өз сөзінде.

Зауыттықтар үлестірген  сый-сияпатты қуана қабыл алған балалар  өз   ризашылықтарын өлеңмен  жеткізді.  

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу