Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысын толықтай қолдайды

17.02.2015
713 просмотров

Бүгінде төрткүл  дүние геосаяси шиеленістердің  себебінен орын алған  қаржылық дағдарыстың   қармауында. Мұндай сындарлы шақта ел болашағы үшін жұдырықтай жұмылуымыз керек. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты  біздің экономикалық дамуымыздың негізгі тетігі болмақ. Мұны жүзеге асыру үшін біз бар күш-жігерімізді, біліміміз бен білігімізді,  идяеяларымыз бен мүдделерімізді тоғыстыра білуіміз керек.  Қазақстанның  тәуелсіздік  жолында   қабілетін әлемдік қоғамдастық мойындаған Ұлт Көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаев ел тізгінін бекем ұстап келеді. Елбасымыздың даналығы мен көрегенділігінің арқасында тарихи өлшем бойынша қысқа ғана уақыт ішінде Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына  кірді. Жаңа мақсаттарды да біз  Елбасымыздың есімімен байланыстырамыз. Ұлт Көшбасшысымен бірге тәуелсіз  Қазақстан әлі талай асуларды алып, биік белестерді бағындырарына сеніміміз кәміл. 

«Атырау МӨЗ» ЖШС атынан бас директор  Қайрат Оразбаев 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу