Француз технологиялары мен тәжірибесі ҚР МӨЗ-деріндегі техникалық газдар өндірісіне келуде

05.11.2015
577 просмотров

Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы өнеркәсіптік газ өндірісі аутсорсингқа шығарылады.Техникалық газдарды шығарудың қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнын  құру туралы акционерлік келісіміне 2015 жылы 5 қарашада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Францияға ресми сапары кезінде қол қойылды.  Жоба бойынша серіктес болып «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ –«ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ және  өнекәсіптік газ жеткізу саласының әлемдік лидері француз компаниясы «Air Liguide» қатысады.

Келісім бойынша  аутсорсингқа Атырау МӨЗ-інде, Павлодар және Шымкенттегі сутегін, азот және басқа да техникалық газдарды өндіретін  қондырғыларды,қондырғыларды басқару мен қолдану, сонымен қатар аутсорсингтің талаптарына сәйкес техникалық газ өндіретін техникалық қуаттардың құрылысын шығару қарастырылған.

Құжатқа «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-ның президенті Сауат Мыңбаев және

«Air Liguide» компаниясының Бас директоры  Кристоф Шалье қол қойды.

Жобаның орындалу барысында француздық серіктестердің   ноу-хау трансфертін  енгізу  қарастырылған, олар техникалық газдарды өндіру саласында, «жасыл экономика» принципінұстануды,  өндірістік процесте энергия тиімділігін арттыру сияқты  әлемнің ең тиімді тәжірибесін қолданады. «Air Liguide» компанисының  мұнай өңдеу салалық географиясына 80 ел, атмосфералық газдар  бойынша 410 қондырғы, сутегі мен сингаз өндіру бойынша 80 қондырғы енеді.

Қазақстанда аутсорсингқа  бейінді емес активтер мен ұлттық компаниялардың қосалқы өндірістерін  шығару мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылады. ҚР Президенті ұлттық компанияларда негізгі қызмет пен  активтердің бағасын ұлғайту арқылы менеджментті   шоғырландыруды бірнеше рет атап өткен. Қазақстан тарапы   француз мамандарының қатысуы  нәтижесінде  МӨЗ-дердің қажеттілігі  үшін  техникалық газдардың өндіріске енгізілуі   тиімділіктің өсуін, сенімділік пен икемділік әкеледі деп күтуде.

Француз тарапы БӨ құру мақсатын алдын ала  техникалық-экономикалық анализдеу жобасына белсенді атсалысты.

2014 жылы желтоқсандағы Франция президенті Ф.Орланданың Астанаға сапары кезінде Өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылғаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ -«ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ мен француздың   «Air Liguide» компаниясының бірлескен жұмыс тобы құрылып, осы топ аясында тараптарБӨ  құру үшін  қажетті  құжаттарды дайындады.  

Аутсорсинг талаптары бойынша азот пен сутегін жеткізу 2016 жылға жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз -ӨМ» АҚ –ның

Жұртшылықпен байланыс қызметі

8  7172 979771

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу