Мұнайды өңдеу 425, 417 мың тоннаны құрады

06.11.2015
660 просмотров

МҰНАЙ ӨҢДЕУ 425, 417 МЫҢ ТОННАНЫ ҚҰРАДЫ

2015 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес, қазан айындағы 472, 4 мың тонна жоспардағыға мұнайдың жеткізілуі 421, 6 мың тоннаны құрады, оның ішінде темір жол көлігімен 13,3 мың тонна (тікелей тасымалданатын нафта бойынша 12,0 мың тонна) тасымалданған.

Жоспар бойынша мұнайды өңдеу көлемі 440,0 мың тонна болғанымен, нақты өңделген мұнай көлемі қазан айында  425, 417 мың тонна құрады.

9 қазанда күрделі жөндеуден өткізілген соң, ЭЛОУ-АВТ-3 бастапқы мұнай өңдеу қондырғысы тапсырылған технологиялық режимге шығып, екі бастапқы қондырғы тәуліктік мұнай өңдеу деңгейіне жетті.

14 қазанда  дизельдік отынды гидротазалау мен  парафиндеуге дейнігі  КУБДТ қондырғысының секциясы қысқы  маусымға ауыстырылды, одан  дизельдік отынның қысқы сұрыптары алынды, оларда фильтрлеудің рұқсат етілген температурасы бар  (ПТФ), температура көлемі- 15  С, -25С.

31 қазанда ДЗЭЧ (ПТФ -25С) маркалы дизель отынының 2000 тонна көлеміндегі алғашқы партиясы алынды.

22 қазанға қарай зауыт қондырғыларының  тапсырылған технологиялық режимге шығуы көзделген күрделі жөнделуі аяқталды.

Жоғары октанды бензинді тиеу қазанда тиелген жалпы бензин көлемінен 100,0% құрады, жыл басынан бері -79, 5%.

ПТФ - 15 бар қысқы дизель отынын тиеу үлесі қазан айында 60% құрады (оның ішінде К-3 санаттысының көлемі - 23%).

Өткен мерзім ішінде өндіріс бойынша кемшіліктер орын алмады, төтенше жағдайлар мен апатты оқиғалар болған жоқ.

Қарашадағы міндеттер:

* 4470 мың тонна дейңгейінен кем болмайтын мұнайды өңдеу керек;

* АИ-98, АИ- 95 және АИ-92 жоғары октанды бензинді өндіру 100%.

* ДЗЭЧ маркалы (ПТФ -25С) дизельды отынды өндіру, жалпы көлемінен 30% кем болмауы керек.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу