«АМӨЗ» ЖШС-нің сапаны басқару, активтерді басқару, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техниканы, қоршаған ортаны қорғауды, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі саласындағы саясаты

«АМӨЗ» ЖШС-нің (бұдан әрі – АМӨЗ) сапаны, активтерді, еңбекті қорғауды және еңбек қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді басқару саласындағы осы саясаты (бұдан әрі - біріктірілген менеджмент жүйесі, БМЖ) зауыт жұмыс істейтін бизнес-ортаны, сондай-ақ зауыт басшылығының БМЖ-ны дамыту және жұмыс күйінде ұстау және тұрақты жақсарту ниеттерін анықтайды. 

Осы БМЖ саясаты негізгі (жалғыз) акционер – «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ айқындайтын қызметтің стратегиялық бағытын қолдайды. АМӨЗ Республиканың барлық мұнай-газ саласының алдында тұрған мемлекеттік міндеттерді орындау үшін өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.

Бүгінгі күні «АМӨЗ» ЖШС ірі мұнай өңдеу зауыты болып табылады, ол:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобының бір бөлігі және Атырау қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады және өңірдегі елеулі әлеуметтік рөлді атқарады;
  • ірі мұнай өнімдерін өндіруші және жеткізуші болып табылады, ол үшін өнім сапасының мәселелері табысты қызметтің негізгі факторларының бірі болып табылады;
  • ірі жұмыс беруші болып табылады және қызметкерлердің алдында, өндірістік қызметтің барлық кезеңдерінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қолдау үшін жауапкершілікті толықтай сезінеді және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды өз қызметінің негізгі басымдықтарына жатқызады;
  • қызметті қолайлы экологиялық жағдайға қызығушылық танытатын көптеген адамдар тұратын Атырау қаласы маңында жүзеге асырады;
  • отын-энергетикалық ресурстардың ірі тұтынушысы болып табылады, бұл зауыттағы энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу мәселелерінің өзектілігін айқындайды.

Зауыттың ортасы мен ауқымының жоғарыда көрсетілген сипаттамалары АМӨЗ мақсаттары үшін негізді, сондай-ақ мынадай бағыттар бойынша БМЖ енгізу және қолдау қажеттілігін анықтайды:

  • ISO 9001:2015 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі;
  • ISO 14001:2015 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі;
  • ISO 45001: 2018 стандартына сәйкес денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі;
  • ISO 50001:2018 стандартына сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесі;
  • ISO 55001:2014 стандартына сәйкес активтерді басқару жүйесі.

Осы саясатты іске асыру мақсатында «АМӨЗ» ЖШС:

  • Мұнай өңдеу кәсіпорнын экономикалық жағынан тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді;
  • Кәсіпорынның инновациялық–технологиялық даму жоспарларын;
  • Процестерді және тиісті жабдықтарды жаңғыртуды аяқтауды ескере отырып,

жыл сайынғы негізде БМЖ мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

Берілген мақсаттарға қол жеткізу АМӨЗ БМЖ-ны енгізу, жұмыс күйінде ұстау және үздіксіз жақсарту тәсілдерін сипаттайтын БМЖ жөніндегі нұсқаулықтың көмегімен жүзеге асырылады.

БМЖ-ны тұрақты жақсарту көрсетілген жүйелердің тұрақты мониторингілеумен, Саясат пен БМЖ жөніндегі нұсқаулықты мерзімді қайта қарау қажеттілігімен, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардан кері байланыс алумен қамтамасыз етіледі.

Қойылған мақсаттарға жету және өз қызметін жүзеге асыру кезінде «АМӨЗ» ЖШС өзіне кәсіпорынды басқарудың келесі қағидаттарын қолдану міндеттемелерін алады:

  • Зауыт қызметіне қолданылатын заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, қабылданған корпоративтік міндеттемелерді, сондай-ақ сапаны, активтерді басқару, ЕҚжЕҚ, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау.
  • «АМӨЗ» ЖШС барлық мүдделі тараптарының талаптарын анықтау және талдау жасау. Өзара тиімді әрекеттесуді, «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлерімен және мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу кезінде айқындықты, ашықтықты және келісімділікті қамтамасыз ету.
  • «АМӨЗ» ЖШС барлық мүдделі тараптары үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  • Активтерге қажеттілікті, сондай-ақ олардың өнімділігін, сенімділігін және олардың өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде иелену құнын бағалау.
  • Бір жағынан шығындар, даму перспективалары мен тәуекелдер арасындағы оңтайлы теңгерімді реттеу және екінші жағынан кәсіпорынды дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін таңдау кезінде физикалық активтердің сенімділігін қамтамасыз ету.
  • Серіктестіктің стратегиялық бағыттарының, даму мақсаттары мен міндеттерінің, қағидаттарының және тәуекелдерді басқаруының (оның ішінде физикалық активтерде) «ҚазМұнайГаз-ӨМ» ҰК» АҚ-да және кәсіпорынды құрудың басқа қатысушыларымен қабылданған даму стратегияларымен және БМЖ-ға қойылатын талаптармен келісілуін қамтамасыз ету.
  • БМЖ стандарттарының талаптарын кәсіпорынның қолданыстағы менеджмент жүйелері мен бизнес-процестеріне біріктіруді қамтамасыз ету. Кәсіпорын активтеріне ағымдағы қызмет көрсетуді және күрделі жөндеуді жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және басқару кезінде қолда бар әдіснамаларды, автоматтандыру және цифрландыру жүйелерін, озық технологиялар мен материалдарды дамыту және жаңаларын енгізу.
  • Активтердің құндылықтарын басқару үшін күрделі салымдармен және басқа да шешімдермен байланысты шешімдер қабылдау үшін процестердің тиімділігі мен жұмыс істеуінің нәтижелілігін бағалау критерийлерін пайдалану.
  • Проблемаларды анықтау үшін сапаны басқару, активтерді басқару, еңбекті қорғау, энергия тиімділігі және экологиялық аспектілер мәселелері бойынша мониторинг жүргізу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету және компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және БМЖ үнемі жақсарту үшін мақсаттар мен міндеттерді одан әрі қою және оларға қол жеткізу.
  • Өз қызметінде кәсіпорын персоналын қолдау және БМЖ мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен топтық жұмыс мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
  • Қызметкерлер мен мердігерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің сапаны басқару, активтерді басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мәселелеріне жауапты көзқарасын қалыптастыру. Қызметкерлердің, мердігерлердің және халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ықтимал тәуекелдерді анықтауды, жоюды немесе бақылауды және оларды барынша азайтуды қамтамасыз ету.
  • Зауыттың оған әсер етуі саласы шегінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның ластануын бақылау және болдырмау, әлеуметтік және экономикалық факторларды ескере отырып, зиянды әсерді барынша азайту.
  • Энергия үнемдейтін және экологиялық таза тауарларды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі қағидаттарын ұстанатын тауарларды сатып алуды қолдауды қамтамасыз ету.
  • Сапа, активтерді басқару, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жүйелерді үздіксіз жетілдіру мақсатында Жоғары басшылықтың ұйым қызметін бақылауын және талдауын қамтамасыз ету.
  • Барлық қызметкерлерді, мердігерлерді және басқа да мүдделі тараптарды осы Саясаттың талаптарымен құжаттандырылған таныстыруды қамтамасыз ету. «АМӨЗ» ЖШС басшылығы мен барлық қызметкерлерінің осы Саясатты түсінуін және тәжірибеде қолдануын қамтамасыз ету.

«АМӨЗ» ЖШС-нің жоғары басшылығы осы Саясаттың мәлімделген міндеттемелерін іске асыру, ISO 55001:2014, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001: 2018, ISO 50001:2018 талаптарына сәйкес БМЖ-ны қолдау және тұрақты жақсарту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуде көшбасшылық пен бейілділікті көрсетеді.

«АМӨЗ» ЖШС-нің жоғары басшылығы осы Саясатты іске асыру, сондай-ақ сапа, активтерді басқару, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, сондай-ақ осы Саясаттың жарамдылығына тұрақты талдау жасау және қажет болған жағдайда қайта қарау үшін жауапкершілікті өзіне алады.

Осы Саясат қолжетімді болып табылады және зауыт аумағында жалпыға ортақ қолжетімді жерде, сондай-ақ «АМӨЗ» ЖШС корпоративтік сайтында орналастырылуы тиіс. Осы Саясат бойынша кез келген сұрақтар жауапты тұлға – «АМӨЗ» ЖШС басшылығының зауыттағы БМЖ-ны үйлестіруші өкіліне (бұдан әрі – БМЖБӨ) жіберілуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу