Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру

Су-жер бетіндегі тіршілік көзі, планетамыздың 71% - ын қамтитын керемет табиғи құндылық. "АМӨЗ" ЖШС судың адам өмірі мен денсаулығы, қоғам және біздің өндірістік қызмет үшін құндылығын түсінеді.

"АМӨЗ" ЖШС 2019 жылы "Су ресурстарын басқару бойынша регламент" әзірленгені, мына сілтеме бойынша танысуға болады

"АМӨЗ" ЖШС үшін су ресурстарын басқару бойынша негізгі принциптер:

  1. Біз судың адам өмірі мен денсаулығы, қоғам және біздің өндірістік қызметіміз үшін аса жоғары құндылығын түсінеміз және елдің су ресурстарына ұқыпты және ұтымды қараудың маңыздылығын сөзсіз қабылдаймыз;
  2. Біз Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға ғана емес, халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге сәйкес келуге, сондай-ақ өңірдегі барлық мүдделі тараптардың пікірін ескеруге ұмтыламыз;
  3. Біз Жайық өзенінен су тұтыну нормаларын асыруға жол бермейміз;
  4. Біз су бұру нормаларынан асып кетуге жол бермейміз;
  5. Біз мүмкіндігінше қайта пайдалану және төгінділер көлемін азайту үшін қондырғыларда және тазарту құрылыстарында сарқынды суларды тазарту сапасын арттыруға ұмтыламыз;
  6. Біз сумен жабдықтаудың жабық  су айналым жүйелерін қолдануға ұмтыламыз;
  7. Біз су айналымы және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы таза су алуды барынша қысқартуға тырысамыз;
  8. Біз өндірістік мақсаттар үшін сапалы ауыз суды пайдаланбауға тырысамыз;
  9. Біз су тарту мен су бұруды жүз пайыз аспаптық есепке алуға ұмтыламыз;
  10. Біз су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында тазартылған сарқынды сулардың ағызылуына жол бермеу бойынша күшейтілген бақылау жүргіземіз.

Зауытының өз қажеттілігіне су тұтыну үлесі (Өңделген мұнай тоннасы/м3)

2019 г.

2020 г.

2021 г.

1,32

1,37

1,33

Tazalyq жобасы Жайық өзенінен су алуды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді (шамамен у 9% - ға қысқарады).