Өнеркәсіптік қауіпсіздік

"АМӨЗ" ЖШС құрамындағы өндірістік кешен төменде сипатталған негізгі және қосалқы өндірістік объектілерден тұрады.

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру (МҚӨ және МӨТК)

МҚӨ және МӨТК құрамына мұнайды бастапқы өңдеу бойынша негізгі (технологиялық) қондырғылар кіреді

  • ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы;
  • ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы;

және мұнайды қайта өңдеу жөніндегі негізгі қондырғылар

  • бензолды гидротазарту және гидрлеудің каталитикалық крекинг қондырғысы (ЛГ-35/11 каталитикалық риформинг қондырғысы, "Benfree" бензолды гидрлеу қондырғысы);
  • амин тазарту блогы бар бензинді гидротазарту және изомерлеу, дизельді отынды гидротазарту және депарафиндеу секциялардан тұратын бензин мен дизель отынын гидротазарту құрамдастырылған қондырғысы (БДГ ҚҚ);
  • сутегін өндіру және тазарту қондырғысы (СӨТҚ);
  • МТӨӨ сутегін өндіру және тазарту қондырғысы (МТӨӨ СӨТҰ);
  • алау қондырғылары;
  • техникалық азот өндіретін қондырғы (ТАӨҚ).

Хош иісті көмірсутектер өндірісі (ХКӨ)

  • каталитикалық риформинг қондырғысы (CCR);
  • хош иісті көмірсутек өндіретін қондырғы (РХ).

Кокс және күкірт өндірісі (ККӨ) (бұрынғы №5 цех)

  • амин тазалау блогы бар баяу кокстеу қондырғысы (БКҚ);
  • мұнай коксын қыздыру қондырғысы (МКҚҚ);
  • күкірт өндіру қондырғы (­КӨҚ);
  • күкірт өндіретін құрама қондырғы (КӨҚҚ).

Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау (МӨӨжТ) (бұрынғы №4 цех (тауарлық-шикізат))

  • тауар-шикізат резервуарлық парктері;
  • мұнай өнімдерін құю теміржол эстакадалары;
  • ТАМЭ өндірісі қондырғысы;

Жылу және электр энергиясын өндіру (ЖЭЭӨ) (зауыттың бұрынғы ЖЭО)

  • қазандық-турбиналық цехтар;
  • ауа компрессорлық қондырғысы;
  • химиялық су тазарту қондырғысы.

Мұнайды тереңдетіп өңдеу өндірісі (МТӨӨ)

  • каталитикалық крекинг қондырғысы (ККҚ);
  • СКГ және ГФ олигомеризациялау, күкіртсіздендіру қондырғысы (СКГ және ГФ ОКҚ);
  • каталитикалық крекинг нафтасын селективті гидрогенизациялау қондырғысы (КК НСГҚ);
  • БДГ-2 құрамдастырылған қондырғысы (БДГ-2 ҚҚ);
  • айналмалы сумен жабдықтау блогы (СЖБ).

"Орталық зауыт зертханасы" сынақ орталығы (ОЗЗ СО)

Сумен жабдықтау және су бұру нысандары  (бұрынғы № 8 цех (тазарту құрылғылары)) "Enertek"ЖШС аутсорсингке өтті

Жөндеу-механикалық цехы "Қазтурборемонт сервистік орталығы"ЖШС-не аутсорсингке өтті

№ 6 Цех (электрмен жабдықтау және жабдықтарды жөндеу цехы)  «НЕФТЕСТРОЙСЕРВИС ЛТД»  ЖШС-не аутсорсингке өтті.

№ 7 Цех (КИПиА цехы) "IQS Engineering"ЖШС аутсорсингке өтті

Көлік цехы "Gold Sunray"ЖШС-не аутсорсингке өтті

Объектілік өртке қарсы, газдан құтқару қызметі  АОФ "Өрт сөндіруші" ПАСЧ-16 аутсорсингке өтті.

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 11.04.2014 жылындағы N 188-V  Заңының 80-бабы «Аварияларды жою жоспары», 6-бөлімі, 14-тарауына "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету" сәйкес барлық көрсетілген объектілерге  қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою жоспарлары әзірленді және бекітілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі мақсаты-зауыттың қауіпті өндірістік объектілеріндегі авариялар мен инциденттердің салдарын болдырмау және/немесе азайту. Өнеркәсіптік қауіпсіздік өндірістік бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.

Өндірістік бақылау-бұл зауыттың қауіпті өндірістік объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, осы объектілердегі авариялар мен инциденттердің алдын алуға және авариялар мен инциденттерді оқшаулауға дайындықты қамтамасыз етуге және олардың салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу арқылы жүзеге асырылатын өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің құрамдас бөлігі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын өндірістік бақылаудың міндеттері зауыттың қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау болып табылады.

Жұртшылықты хабардар ету тәртібі:

Өнеркәсіптік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 ж. №341 бұйрығына 2-қосымша) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы "АМӨЗ" ЖШС ықтимал қауіптердің сипаты мен ауқымы, сондай-ақ олардың алдын алу және жою шаралары туралы ақпарат көрсетілген құжат болып табылады.

Жұртшылықпен, жергілікті билік орындарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) өзара іс-қимыл жасауға жауапты негізгі лауазымды адамдар мыналар болып табылады:

  • "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры;
  • Бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары - бас инженер;
  • Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау Департаментінің директоры;
  • Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы – баспасөз хатшысы.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жергілікті органдарды хабардар ету телефон арқылы жүзеге асырылады. Кейінгі хабарландыру есептің белгілі бір нысаны немесе жедел хабар табелі түрінде жүзеге асырылады. Аудан тұрғындарын туындаған төтенше жағдайлар туралы хабардар ету ТЖ және АҚ істері жөніндегі өңірлік органдар және жергілікті әкімшілік арқылы радиотрансляциялық желі және басқа да байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылады.

"АМӨЗ" ЖШС-де жыл сайын технологиялық қондырғыларда оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу кестесі әзірленеді. Осы кестеге сәйкес технологиялық қондырғыларда оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар жүргізіледі. Оқу-жаттығулар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдерімен бірлесіп өткізіледі. Кестеге сәйкес алдымен "оқу дабылының" жоспар – конспектісі бекітіледі, содан кейін оқу – жаттығу өткізілетін объектіні тексеру бойынша оқу-жаттығу сабағының актісі ресімделеді. "АМӨЗ" ЖШС Технологиялық қондырғыларындағы оқу дабылдары және аварияға қарсы жаттығулар кестесімен және тексеру бойынша оқу – жаттығу сабақтарының кейбір актілерімен осы жерде танысуға болады (кесте және актілер).

Аварияларды жоюға дайындық деңгейін арттыру үшін "АМӨЗ" ЖШС персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін үнемі практикалық және теориялық сабақтар, жаттығулар мен әртүрлі деңгейдегі оқу-жаттығулар өткізеді.

Авариялық жағдайларды жою жөніндегі командалық-штабтық оқу-жаттығулар экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, азаматтық қорғау саласындағы мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

"АМӨЗ" ЖШС 2019 жылы Республикалық командалық-штаттық "Қыс – 2019 "оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығудың тақырыбы:"Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау". "Қыс-2019" Республикалық командалық-штаттық оқу - жаттығуына қатысу туралы" 30.10.2019 жылғы №536 - п бұйрығы жасалды. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша РКШО "Қыс-2019" өткізілген іс-шаралары бойынша қорытынды анықтама жасалды.

Мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі құжаттарда жануарларды құтқару бойынша бөлім қарастырылмаған, себебі ҚР Жер кодексінің 1-бабы 1-тармағына сәйкес нысаналы мақсаты бойынша "АМӨЗ" ЖШС жері өнеркәсіп жерлерінің санатына жатады және жануарлар өндіріс алаңының аумағында және жанында қоныстанбайды.