Өндірістік экологиялық мониторинг

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 13-тарауының 182-бабына сәйкес АМӨЗ өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырады, оның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін және оның шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен өзгеруін бақылау үшін табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын шаралар жүйесі,  қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру және ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралардың орындалуын тексеру, қоршаған ортаны қорғау заңдылығын, оның сапа нормативтері және өндірістік мониторингті, есепке алу, есеп беру, нәтижелерді құжаттау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды қоса алғанда экологиялық талаптарды сақтау.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің өндірістік экологиялық мониторингі өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭК), сондай-ақ атмосфералық ауа мен сарқынды суды талдамалық бақылау кестесі негізінде жүргізіледі. ӨЭК бағдарламасы мониторингтің келесі түрлерін қамтиды:

  • өнеркәсіптік алаңдағы, санитарлық-қорғау аймағындағы (СҚА), зауыттың қатты өнеркәсіптік қалдықтар полигонындағы, Атырау қаласының сол жағалау бөлігінің булану тоғандарындағы атмосфералық ауаның жай-күйі;
  • зауыттың технологиялық пештерінің түтін құбырларынан өнеркәсіптік шығарындылардың жай-күйі;
  • зауыттан шығарылатын ағынды сулардың сапасы;
  • өнеркәсіптік алаңда, зауыттың қатты өнеркәсіптік қалдықтар полигонында, алау қондырғысында, булану алаңында орналасқан зауыттың бақылау ұңғымаларынан жер асты суларының жай-күйі;
  • өнеркәсіптік алаңдағы, Атырау қаласының сол жағалау бөлігінің булану алаңындағы, зауыттың қатты өнеркәсіптік қалдықтар полигонындағы топырақ пен өсімдіктердің жай-күйі;
  • өнеркәсіптік алаң, СҚА аумағында, Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігінің булану алаңы ауданында, өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында және зауыттың тұрмыстық, әкімшілік ғимараттарында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • зауыттың СҚА шекарасында физикалық факторларды (шу және діріл) өндірістік бақылау.

Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭК) деректері тоқсан сайын есеп түрінде Атырау облысының экология департаментіне жолданады. ӨЭК есептерімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://company.ecogov.kz/pek