Е. Есеновтың «Қазақстанда алғашқы мұнай өңдеу» кітабы, ІІ том.

Есенова Елена.jpg

Есенова Елена Жоламанқызы

1961 жылы 29 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген.

Гурьев педагогика институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді; 1982 жылы институттан кейін;«Гурьевмұнайгазгеология» өндірістік бірлестігінде  және  Гурьев темір жол көлігі техникумында;ерікті комсомол қызметкері болып жұмыс істеді. 1986-1989 жылдары;№7 мектепте кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы болып істеді.1989-1995 жылдары;Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде орыс және шетел әдебиеті кафедрасында оқытушы болды.

1995 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытына Тарих және еңбек даңқы мұражайының меңгерушісі қызметіне алынды;Кейіннен техникалық бөлімде инженер, баспасөз қызметі басшысының орынбасары, баспасөз қызметі басшысы, баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 2007-2014 жылдары «Атырау МӨЗ» ЖШС-де корпоративтік коммуникациялар басшысы, 2015 жылы  жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2015 жылғы тамыздан бастап баспасөз қызметінің басшысы. 

Комсомолда жұмыс істеген жылдары Қазақстан ЛКЖО ОК   және обкомның, қала комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды. «Первенец нефтепереработки Казахстана»  2-ші томының және «Владимир Гафнер» кітабының авторы. «АМӨЗ-ге 70 жыл» және «АМӨЗ: тарих -суреттерде» кітаптарының редакторы. Атырау АМӨЗ-і туралы бірнеше  деректі фильмдер сценарийінің авторы.

«Первенец нефтепереработки Казахстана» кітабының 2-ші томына Атырау МӨЗ-нің Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылы 1991-2011 жылдардағы даму тарихы баяндалған. Зауыт өндірісінің, бөлімдерінің, цехтарының дамуына тарихи шолу берілген. Өндірісті қайта құрылымдау мәселелеріне- модернизациялау мен мамандандырудың дамуына зор көңіл бөлінген. Кітап қалың оқырмандарға арналған. 

Қосымша материалдар:

E.Есенова "Первенец нефтепереработки Казахстана" кітабы, II том.