Ж. Есеновтың «Қазақстанда алғашқы мұнай өңдеу» кітабы, І том.

Есенов Жоламан Есенұлы  

photo_57-1.jpg1923 жылы 14 сәуірде Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Балықшы ауданы, Теңдік-үзек ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы алдында Гурьев педагогика училищесін бітіріп, мектепте мұғалім болды. Соғыс жылдары Гурьев жаяу-әскери училищесін бітіріп, Сталинград түбіндегі Балашов және Калач қалалары маңындағы әскери құрылымдар қатарында соғысты. 1945 жылы қарашада демобили- зацияланды. 

1946 жылы қаңтарда Есенов №441 зауытқа нормалаушы болып қабылданды, кейіннен еңбек жөніндегі экономистболып қызмет атқарды. Мәскеудің Губкин атындағы Мұнай және газ институтын бітірді. Еңбек бөлімінің бастығы, еңбек және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы болды. Гурьев (Атырау) мұнай-газ өңдеу зауытында 33 жыл экономика және кадрлар қызметі бөлімін басқарды. Жоғары класты экономист, лектор, әр түрлі экономикалық семинарлар мен  симпозиумдарда баяндамалар жасап, сөз сөйлеген облысқа танымал адам.

Қазақстан КП ОК жоғарғы партия мектебінің марксизм-ленинизм университет филиалының кешкі оқуларында дәріс берді. Ж.Е. Есенов – зауыт тарихындағы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген экономисі» және «СССР-дің құрметті мұнай-химигі» деген екі құрметті атақтарға ие болған бірден бір экономист. Әскери және қызметтегі сіңірген еңбегі үшін          «ІІ дәрежелі Отан соғысы» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталды. Ол экономика саласының   білікті қайраткері, тәжірибелі ұйымдасты- рушы және адамгершілігі мол ұлы тұлға.  

Ж.Е. Есенов өмірінің мәніне айналған  «Первенец нефтепереработки Казахстана» кітабының авторы. Бұл кітаптың басты қасиетінің бірі – тарихи деректерге,     адамдардың өмірбаяндарына  терең үңіліп, құрметпен қарап,  өте мұқият  баяндалуы. 

Кітаптың алғашқы басылымы 1995 жылы шығарылды. Кейіннен 1999, 2005 жылдары кітап толықтырылып шығарылды.  2011 жылы жаңадан  қайта басылды. Кітаптың авторы Жоламан Есеновтың еңбек өтілінің есебі  45 жыл, оның өзі де осы жылдар аралығында болған оқиғалардың ортасында жүрген куәгер автор.  «Первенец  нефтепереработки Казахстана»  кітабының  1 томы бұрынырақтағы №441,  В.И.Ленин атындағы Гурьев МӨЗ-і  деп аталған   Атырау мұнай өңдеу зауытының 1943-1995 жылдардағы   қызметі мен даму тарихын қамтиды.  Сонау 40-шы жылдардағы тарихи оқиғалар, Қазақстанның алғашқы мұнай өңдеу зауыты мен осы зауыттың алғашқы құрылысшыларының еңбек жолдары кітапта  көрініс табуы – кітаптың басты құндылығы болып саналады.

Каспий  флагманының даму кезеңдері  қатар-қатар тізбектеліп суреттелген. Кітапта ардагерлердің  естеліктері жарияланған. Мақалалар шынайылығымен әрі зор тарихи маңыздылығымен тартымды.  Кітап қалың оқырмандарға арналған.      

«Первенец нефтепереработки Казахстана» кітабы - зауыттың алғашқы бастауында тұрғандарға   құрмет көрсету, бүгінгі еңбек майданындағыларға,   зауыттың жас ұрпағына атадан қалған үлгі-тілек, естелік болып қалады.

Қосымша материалдар:

«Первенец  нефтепереработки Казахстана»  кітабы, 1 том. Жоламан Есенов.