Компания туралы

Атырау мұнай өңдеу зауыты («АМӨЗ» ЖШС) — Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытының бірі. Ұлы Отан соғысы жылдары салынған және 1945 жылы пайдалануға берілген. Мұнай өңдеу зауытының иесі "ҚазМұнайГаз" ҰК " АҚ (99%) болып табылады. Өңдеу қуаттылығы жылына 5,5 млн тоннаны, өңдеу тереңдігі 86,4% - ды құрайды.

Кәсіпорын тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан астам түрін (таңбалауды қоса алғанда) шығарады: сұйытылған көмірсутекті газдар, автомобиль, дизель отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, вакуумдық газойль, пеш отыны, мазут, кеме отыны, мұнай кокстары, техникалық күкірт, параксилол, бензол және т. б. Бүгінгі таңда зауыт Қазақстандағы мұнай-химиялық өнімді шығаратын бірден-бір өндіруші болп табылады.

Кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеушілердің бірі бола отырып, Атырау облысының экономикасына қомақты үлес қосуда.