Зауыттықтар тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлерін мерекемен құттықтады

09.05.2023
419 views
Зауыттықтар тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлерін мерекемен құттықтады
Атырау МӨЗ ұжымы ұзақ жылдар бойы зауытта қызмет атқарған тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлерін Жеңіс күнімен құттықтады.

Зауыттың жас мамандарынан және кәсіподақ ұйымының мүшелерінен құралған топ мереке қарсаңында қариялардың үйлерін аралады. Соғыс жылдарындағы ерен еңбектері үшін алғыс айтып, қаржылай сыйақы мен азық-түлік себеттерін табыстап, қарттардың бата-тілегін алды.  

Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Бақыт Өтебалы ҰОС батырлары мен тыл ардагерлері халқымыздың қазынасы, ұлттық мақтанышымыз екенін атап өтті. Тыл еңбеккері Мария Кабиева зауыт ұжымына алғысын жеткізіп, еліміздегі бейбітшілік пен пен тұрақтылықты сақтауға шақырды. 

«Болашақ жастардың қолында. Елдігіміздің, егемендігіміздің нығаюы тікелей сендерге байланысты. Мен қазіргі жастармен мақтанамын. Жастарымыз білімді, бірнеше тілді меңгерген, жаңаша ойлайды. Әрдайым тату болыңдар. Еңбектерің жемісті болсын», - деді  тыл ардагері.

9 мамыр күні АМӨЗ ұжымы Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, соғыста қаза тапқан боздақтар рухына тағзым етті.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe