АМӨЗ бас директоры Ш. Данбай КГНТ медалімен марапатталды

14.11.2019
1134 просмотров
      АМӨЗ бас директоры Ш. Данбай КГНТ медалімен марапатталды

"Атырау МӨЗ" ЖШС-нің бас директоры Шухрат Данбай "Казгипронефтетранс "Инжиниринг компаниясы" ЖШС-нің (КГНТ) 45 жылдығына орай мерейтойлық медальға ие болды. Құрмет наградасын 2019 жылы 13 қарашада Атырау МӨЗ-ге келген КГНТ бас директоры Александра Бекишева табыс етті. Сонымен қатар инжинирингтік компанияның басшысы зауыт бас директоры Ш. Данбайға "ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық, мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге және компанияның қалыптасуына қолдау көрсетуге қосқан үлесі үшін" деген тұжырыммен Алғыс хат берді.

А. Бекишева АМӨЗ-мен ҚГНТ қалыптасқан достық әріптестік қарым-қатынасты ерекше атап өтіп, зауыт басшылығына инжинирингтік компанияны таңдауда көрсетілетін қызметтердің мердігері ретінде көрсеткен сенімі үшін терең ризашылықтарын білдірді.

Өз кезегінде "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбай әріптесіне екіжақты жемісті ынтымақтастықтың  жалғасатынын айтты.

Анықтама үшін: "АМӨЗ" ЖШС мен "КГНТ "ИК" ЖШС арасында Технологиялық қондырғыларды күрделі жөндеуді жобалау, мұнай өңдеу зауытының объектілерін жаңғырту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жобалау-конструкторлық орталықтың қызмет көрсетуі бойынша ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу