АМӨЗ қызметкерлері #Birge #JasylQazaqstan экологиялық акциясы аясында 200 көшет отырғызды

16.10.2019
1173 просмотров
АМӨЗ қызметкерлері #Birge #JasylQazaqstan экологиялық акциясы аясында 200 көшет отырғызды

Бүгін "Атырау МӨЗ" ЖШС жас мамандар кеңесінің белсенділері #Birge #JasylQazaqstan республикалық акциясына қатысты.

Шаған, үйеңкі және қарағаштың 200 көшеті "Факел"деп аталатын зауыттың №8 секторлы санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) аумағында отырғызылды. Ағаштарды отырғызар алдында жердің жоғары тұзды топырақ ерекшеліктерін ескерілді.Экологиялық акцияға қатысқан зауыттықтар оның тек кәсіпорын үшін ғана емес, жалпы өңір үшін де өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

"Көшеттерді үлкен ықыласпен отырғызамын, себебі бұл менің қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға үлес қосқанымды түсінемін", - дейді эстакада операторы Дмитрий Фадин.

"Біз өз өлкемізді жасыл етуге тиіспіз. Атырау облысы үшін көгалдандыру тақырыбы өте маңызды. Бізде көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Егер әрқайсымыз ағашқа отырғызса, бұл біз үшін үлкен пайда болады", - деп атап өтті аппаратшы Сағытжан Байсары.

"Gold Sunray" ЖШС СҚА қызмет көрсететін мердігерлік ұйымның директоры Нұрашбек Ермағамбетовтың айтуынша, биылғы жылдың көктемгі - күзгі кезеңінде зауыттың санитарлық-қорғау аймағының аумағында шамамен 11 мың көшет отырғызылады. Бұл ретте СҚА аумағында өз суару жүйесі бар, соның арқасында ағаштардың жерсінуі өседі.

Айта кету керек, климаттық ерекшеліктерге және жергілікті топырақ құрамына байланысты зауыттың СҚА-ның кейбір бөліктерінде ағаштардың жерсінуі мен өсуі өте төмен. Бұл ретте СҚА-ның барлық алаңында (224 га) мердігерлік ұйым көктемгі-күзгі кезеңде зиянды жәндіктерден ағаштарды суару және химиялық өңдеу жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, #Birge #JasylQazaqstan ауқымды экологиялық қозғалысын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған болатын және #birge #TazaQazaqstan акциясының жалғасы болып табылады.



«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі



Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу