«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
20.02.2017
1063 просмотров

Атырау қаласының тумасы Наталья Каримова АМӨЗ-ге 1982 жылы келді, бұған дейін оның мұнай өнеркәсібінде жұмыс істеу тәжірибесі болған. 

Политехникалық техникумды бітіріп, «техник-электрик» мамандығын алған соң оны Маңғышлақ жартыаралына бұрғылау жұмыстырының басқармасына жіберді. Одан кейін Наталья Жаңаөзендегі зертханада жұмыс істеп, электр құралдарын сынақтан өткізді. «Эмбанефтьгеофизика» кәсіпорнында еңбек етіп жүрген кездері мұнай ұңғымаларын барлау ісімен де айналысқан болатын. Жинақталған тәжірибесі әрі жігерлігі, сондай-ақ білімге құштарлығы сияқты мінезінің осындай керемет қасиеті – міне, осының бәрі Натальяға екі жыл ішінде жақсы оператор, машинист болып, ауысымды басқаруға көмектесті. «Менің ұстаздарымның бірі Геннадий Георгиевич Яшков. Зауыт дистпечері болып жұмыс істеп жүргенінде маған мұнай айдаудың барлық желілерін, апаттық жағдайлар туындаған кезде қандай әрекет жасауды үйретті, тіпті өндірістік бөлімнің бастығы болып тағайындалғанда, Геннадий Георгиевич уақыт тауып, біздің цехқа келіп, жаңа ауыстыруларды, қай жерде қандай жапқыштарын барын түсіндіретін. Мафруза Мулхайдаровна Абулхатаева да өз ісінде осындай ықыласты жан еді, ол да зауыт диспетчері болып еңбек етті. Осы адамдар кез келген сұрағыққа жауап беруге дайын болатын». 

Бүгінде Натальяның өзі жастарды үйретеді. Көзін жұмып тұрып, барлық желілер, резервуарлар, жапқыштар туралы айтып бере алады. «Ол заманда жағдай мүлдем басқа еді. Арнайы киім жеткіліксіз, операторлық бөлме жоқ, сондай-ақ жуынатын үй-жайлар да болмаған. Жоқ, есімде бір темір душ болатын, оны ер адамдар да, әйелдер де пайдаланатын. Ал операторлар резервуарларды өлшеу үшін рулеткамен жүгіріп жүретін, - деп есіне алды Наталья. – Өндірісіміздің шаруашылығы зауыттың барлық аймағында шоғырланды. Тауарлық, шикізаттық, зауыттан тыс парктер – барлығы әр жерде болды. Күніне ондаған километр жүретінбіз. Ал биіктігі 10 метр резервуарларға күніне неше рет мініп түсентінбіз! Жоғары – төмен, көтерілесің – түсесің. Жапқышты енді ғана ашып, опеторлық бөлмеге келсең, телефон шырылдап, ол жапқышты жауып, басқасын ашуды сұрайды. Тағы да паркке барасың. Ал қазіргі жағдай тамаша! Барлығы компьютер арқылы басқарылады, операторларда – рациялар». 

Ауысым басшысы болып жүрген Наталья Каримова көп ұзамай № 4 цехтың реконструкциялау жөніндегі инженері, ал үш жылдан кейін – ЖКО инженері болды. Онда кейіпкеріміз үш жыл бойы жобалау-конструкторлық ісін меңгерді. Одан кейін диспетчер болып өзінің цехына қайтып оралды. 

1983 жыл Натальяның өмірін өзгертті. Олардың цехтарына Уфадан жас маман Марат Каримов келді. Оны да оператор етіп тағайындады. Олар бір ауысымда жұмыс істеп, үйге және зауытқа бірге баратын. Осылайша сезімдері оянып, 1984 жылы олар отбасын құрды. Альмир және Ринат атты ұлдары туылды. 

«Адам өміріндегі ең маңызды нәрсе не? Осы дүниеге келген миссиясын орындау. Бұл білім алу, белгілі бір мамандық иесі атану, отбасын құру, балалар тәрбиелеп, оларға дұрыс бағыт беру, - деп ойымен бөлісті Наталья, - мен бақытты жанмын, жұлдызым оңынан туды. Ешқашан өткен өмірімді еске алып, өкінген емеспін. Жолдасым сияқты мен де өз кәсібімді дұрыс таңдадым. Еңбегіміз еленді. Балаларымыз осы өмірде өз орындарын тапты. Одан басқа не керек? Лайым, осы жетістіктеріміз тек еселене бергей».

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу