«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру

1.jpg

Терең өңдеу кешенінің құрылыс жобасы – бұл АМӨЗ-ді толық модернизациялаудың соңғы кезеңі.                                  

«АМӨЗ-де МТӨК құрылысы» жобасын іске асыру 2010-2014 жылдардағы ҚР жедел индустриалды-инновациялық  даму Мемлекеттік бағдарламасында  қарастырылған шаралар аясында,                 және де   ҚР аумағында  шығарылатын автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарға қарсы қойылған талаптардың бекітілген Техникалық тәртібіне сай  жүргізілуде.

Инвестициялық бастаманың стратегиялық мақсаты  -  әрекеттегі АМӨЗ ЖШС-де  әлемдік стандарттарға сай жоғары сапалы мұнай өнімдерін шығару және отандық өндірістерді дамыту үшін мұнайхимия шикізатын өндіретін  заманауи техникалық база құру.

Атырау МӨЗ-інде мұнайды терең  өңдеуді ұлғайтудың түбегейлі шешімі  екінші рет қайта өңдеуді ендірумен байланысты,             ол қосымша терең өңдеуді (кокстау, АВТ-3 вакуум блогы) қамтамасыз етеді, сондай-ақ терең  өңдеудің базалық процесін (мысалы каталитикалық крекинг)  ендірумен байланысты.

МТӨК -ді іске асыру аясында  14 заманауи  технологиялық қондырғылар құрылысы қарастырылған.  

«Axens» (Франция), «UOP» (Ұлыбритания), «Foster Wheeler» (Италия) и ОАО «Омскнефтехимпроект» (Ресей) компанияларымен Лицензиялы                 келісімдерге қол қойылған. 

МТӨК жобасының «Қоршаған ортаға әсерінің бағасы» бөлімінің қоғамдық тыңдалуы өткізілді. «МТӨК құрылысы» жобасы зауыттың жанармай өнімдерінің  экологиялық сапасын,   бағалы мұнай шикізатын тиімді пайдалануды және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін көтеруге  бағытталған. Қоршаған ортаға әсерлерді Бағалау   -  қоршаған ортаға әсердің болжанған деңгейден аспайтынын, жобаның нормативті, инженерлік-техникалық шешімдеріне және ҚР экологиялық талаптарына сай, және де кешендерді орналастырудың таңдалған  нұсқасы  қоршаған орта мен адам денсаулығына минимальды ғана әсер ететін қорытынды көрсетті. Шешімдердің техникалық деңгейі ғылым мен техниканың  соңғы жетістіктерінің талаптарына сай және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануды қарастырады. «МТӨК құрылысы» жобасын іске асыруға   «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС және   «Омскнефтехимпроект» ААҚ (Ресей) қатысты.

Мұнайды терең  өңдеу кешенін (МТӨК) «под ключ» шартымен тапсыру үшін «Атырау МӨЗ» бен Консорциум арасында 2011 жылы 29 желтоқсанда келісімге  қол қойылды, оған «Sinopec Engineering” (КХР), «Marubeni Corporation» (Жапония) и   НГСК «ҚазСтройСервис» АҚ  (ҚР) енді.             «Sinopec Engineering” компаниясы жоба бойынша Консорциум жетекшісі ретінде қатысады.  «Marubeni Corporation» компаниясы  Жапонның халықаралық ынтымақтастық банкі арқылы жобаны қаржыландыруды ұйымдастырады, сондай-ақ сатып алулар мен логистикаға қатысады.  НГСК «ҚазСтройСервис» АҚ  жергілікті  сатып алулар мен құрылысты «Sinopec Engineering» компаниясының жетекшілік етуімен іске асырады. Іске асыру мерзімі – 41 ай. Құрылыс 2016 жылы аяқталады.          Бұл кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (мазут, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. МТӨК жоғарыоктанды   бензин, авиациялық және дизельді жанармай өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Жылына 5,5 тонна мұнай өңдеу барысында АтырауМӨЗ жыл сайын 1 млн. 745 мың тонна автокөлі бензинін, 1 млн. 640 мың тонна дизель жанармайын, 244 мың тонна авиакеросин шығарады. Мазут шығару 193 тоннаға дейін қысқарады. Барлық моторлық жанармайлар Евро-2 стандартына сәйкес болады.

Жабдықтар сатып алудың қазақстандық үлесі - 16% немесе 130 273 637 АҚШ доллары, материалдар - 18% немесе 6 530 356 АҚШ доллары, жұмыстар (қызмет көрсету) - 35% немесе 290 290 887 АҚШ доллары.

2011 жылғы желтоқсаннан бері «Атырау МӨЗ»  аумағында «Мұнайды терең өңдеу кешенінің  құрылыс» жобасын іске асыру аясында  құрылыс алаңдарын  дайындау жұмысы жүргізілуде.

2012 жылғы желтоқсанда  Атырау МӨЗ-інде МТӨК құрылысы» инвестициялық жобасы іске асырылу жолына түсті және бүгінгі таңда қарқынды жүргізілуде.

Қаржыландыру  схемасы:

Жобаның құны - 1 миллиард 679 миллион  892 мың 520 АҚШ доллары     НДС-ті қосқанда.

АМӨЗ-де МТӨК құрылысының №1477-11   2011жылы 29 желтоқсанда  «под ключ» шарты бойынша   Консорциуммен (құрамында Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd., Marubeni Corporation және    «НГСК «КазСтройСервис» АҚ) жасалған Келісімін қаржыландыру мақсатында  және несие мен сақтандыру сыйақысын ұйымдастырғаны үшін комиссия төлеу үшін   келесідей кредиттік келісімдер жасалды:

  • 2012 жылғы 6 маусымдағы №BLA201201 Қытайдың Экспорттық-Импорттық Банкінен  1 130 408 642 АҚШ доллары сомасында сатып алушы кредитін беруге Келісім.

  • 2012 жылғы 8 тамыздағы Жапонның Халықаралық Ынтымақтастық Банкі және қатысушы қаржылық ұйымдармен  297 500 000 АҚШ доллары сомасындағы   Несие келісімі.

  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен 2012 жылғы 17 тамыздағы   №ДБЗИ 241-Е/05-01,  251 983 878 АҚШ доллары сомасындағы БанктікНесие   келісімі.  

«ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ мен Несие беру жөніндегі Келісімі   №254-2012 2012 жылғы 27 шілде;  №379-2012 2012 жылғы 13 қараша және   457-2012 2012 жылғы 29 желтоқсан   жалпы сомаы                           20 790 000 000 тенге.

МТӨК жобасының негізгі көрсеткіштері:   

  1. «Под ключ»   шартымен жасалған  құрылыстың  құны    1 680 млн. АҚШ доллары (НДС қоса);

  2. Мазут арзан бағалы өнім болғандықтан 37%-дан  6,71%-ге дейін  өндірісін азайтудың арқасында, терең өңдеуді 84%-ға ұлғайту  және  ашық түсті мұнай өнімдерін  77%-ға ұлғайту,          сондай-ақ  төмен сұрыпты  АИ-80 маркалы бензин  және уайт-спирит өндіруді қысқарту.

АМӨЗ ЖШС-нің МТӨК жобасы іске асырылғаннан кейінгі негізгі өнімдері:

  • «Регуляр -92» бензині - 716,95 мың т/жыл

  • «Премиум-95» бензині  - 868,04 мың т/жыл

  • «Супер-98» бензині  - 22,50 мың т/жыл

  • Реактивтік жағармай - 244,00 мың т/жыл Дизельді жағармай  - 1 640,00 мың т/жыл

  • Параксилол  - 497,00 мың т/жыл.