«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені       

1.jpg2006 жылы әлемдік деңгейдегі мұнай өңдеу кешенін құру мақсатында көмірсутек шикізатарын терең өңдеу бойынша, жоғары қосымша құнымен экспорттық  мұнайхимия шығарылымымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2006 жылы 13 қазанда  № 989 қаулысымен «Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнайхимия кешенін құру және алғашқы қазақстандық  мұнайхимия кешенін құру» бекітті, онда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ –ға  Атырау МӨЗ-інде бензол өндіру жобасын  уақытылы  іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

2006 жылы 15 желтоқсандағы Атырау қаласында бензол шығаратын ТЭО құрылысының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау үшін қоғамдық тыңдаудың   хаттамасына қол қойылды, сондай-ақ  мемлекеттік  экологиялық санитарлық-эпидемиологиялық және тәуелсіз экологиялық сараптаманың оң қорытындылары алынды.

Өткізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың негізгі талаптарының бірі –зауыттың санитарлық-қорғау аумағында атмосфералық ауаны бақылау үшін тұрғылықты автоматты бақылау станциясымен жабдықтау болды, мұны техникалық жобаны әзірлегенде есепке алу қажет.           

2.jpg2007 жылы 13 наурызда «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ  техникалық жобаны әзірлеуге  бас жобалаушы  етіп «ЖК «Казгипронефтетранс» ЖШС/ААҚ «Омскнефтехимпроект» (Ресей) компаниясын таңдап алды.

2007 жылы 11 сәуірде «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ және «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ  Атырау МӨЗ-інде хош иісті көмірсутек өндіретін кешенді орналастыру бас жобасының нұсқасын таңдады.

2007 жылы 16 қарашада бензол өндіріс кешені құрылысының қоршаған ортаға әсерін (ҚОӘБ) бағалау үшін қоғамдық тыңдау табысты өтті.  ҚОӘБ-нің жергілікті және республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдардан қорытындысы алынды.

2007 жылы желтоқсанда  Жобалау-сметалау құжатының «Жоба» кезеңі  барлық  жергілікті және республикалық деңгейдегі мемлекеттік бақылау органдарымен толық келісілді. 

2007 жылы 28 желтоқсанда «Атырау МӨЗ-інде  бензол өндірісі кешені құрылысы (1 фаза) жобасы бойынша  «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК-нің қорытындысы алынды.      

2007 жылы 28 желтоқсанда АМӨЗ-де хош иісті көмірсутек өндірісі кешені құрылысының ТЭО әзірленді (әзірлеуші – «Казгипронефтетранс ЖК» ЖШС).

2007 жылы 16 қарашада  хош иісті көмірсутек өндірісі кешен  құрылысының қоршаған ортаға әсерін  (ҚОӘБ)  бағалау үшін қоғамдық тыңдау табысты өтті.

Ашық байқау өткізілгеннен кейін 2008 жылы 20 тамызда  «АМӨЗ-де хош иісті көмірсутек өндірісі кешен құрылысы (2-ші фаза)» Жобасына жобалық-зерттеу жұмыстарын сатып алуға  келісім жасалды.

2008 жылы 4 сәуірде Атырау МӨЗ-інде бензол өндіру кешен құрылысына байланысты «под ключ» шартына отыру жөнінде  жиын өтті.

2008 жылы 4 қыркүйекте осы жобаның технологиялық процестерінің Лицензиары  болып - «Axens» (Франция) компаниясы таңдалды.

2008 жылы 8-10 қыркүйекте  «Axens»   компаниясында «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ, «ОНХП» ААҚ, «АМӨЗ» ЖШС қатысуымен Лицензиялық шартты келісімдеу және қол қою үшін стартты бастау  жиыны өткізілді.

2008 жылы  17-18 қыркүйекте жоғарыда айтылған компаниялардың қатысуымен бастапқы деректер жинау бойынша старттық жиын өтті.

КПА-PX.jpg2009 жылы 29 қазанда Атырау МӨЗ-і мен Қытайдың  «Sinopec Engineering» («Синопек Инжиниринг») компаниясы арасында АтырауМӨЗ-інде хош иісті көмірсутек өндіретін кешен құрылысын «под ключ» шарты бойынша   салуға қол қойылды. Қазақстан тарапынан  келісімге «АМӨЗ» ЖШС Бас Директоры Т.А. Байтазиев қол қойды. Қытай тарапынан келісімге Чжу Хайсин мырза қол қойды.

Жобаға салынған ивестицияның құны 1 040 млн. АҚШ долларын құрайды, құрылыс мерзімі 2009-2013 жж.

2010 жылы АМӨЗ бен Қазақстан Даму Банкі арасында  жалпы сомасы 1 миллиард 63 миллион АҚШ долларын құрайтын КПА құрылысына, оның 884 млн. АҚШ доллары  Қытадың Экспорт-Импорт Банкінің  (China Exim Bank) несиесі есебінен. Кредит 13 жылға жеңілдетілген пайыздармен берілді.         

Хош иісті көмірсутек өндіретін кешені  келесідей нысандардан құралады:

  • катализатордың  үздіксіз регенерациясы бар каталитикалық риформинг қондырғысы (КРНРК),  шикізат өнімділігі жылына 1 млн. тонна;

  • бензол мен толуолды экстракциялау қондырғысы;

  • параксилол бөлуге арналған қондырғы;

  • толуол мен ауыр хош иісті көмірсутектерді трансалкилирлеу қондырғысы;

  • рафинатты бөлу секторы;

  • зауыттың жалпы шаруашылық   нысандары.              

«Хош иісті көмірсутектер өндіру  кешенінің құрылысы»   инвестициялық жобасының негізгі мақсаты:

  • зауытта шығарылатын  барлық бензиннің мөлшерін  жақсарту және шығарылатын бензиннің сапасын халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіру;

  • жанармайдың заманауи нарығында бәсекеге қабілеттігін сақтап қалу;

  • бензол мен хош иісті көмірсутектер құрамында аз мөлшерде болатын бензинді қолданып    қоршаған ортаға зиянды әсерін  азайту; 

Атырау МӨЗ-н  дамыту мақсатында қойылған жетістіктерге жету келесідей мәселелерді шешуді талап етеді: автобензиннің  жоғарыоктан құрамының   мөлшерін ұлғайту мақсатында жасалатын екінші қайталанатын  процестердің қуатын жылына 1000 мың тоннаға дейін ұлғайту;  жоғары қосылған құны бар өнім өндірісі  -  бензол және параксилол мұнайхимия саласының базалық шикізаты ретінде; гидротазарту мен өнімнің  сапасын арттыру үшін сутек ресурсын ұлғайту; Батыс Қазақстанда мұнайхимияны дамыту бойынша жобаларды интеграциялау; заманауи деңгейге жеткізу үшін технологиялық қуаттарды қайта құрылымдау және Қазақстанды сапалы моторлық жанармаймен, мұнайхимия шикізаты және басқа да мұнай өнімдерімен  қамтамасыз ету,   сондай-ақ сапасы халықаралық стандарттарға сай, сонымен қатар  ішкі және сыртқы рынок талаптарына сай  мұнай өнімдерін экспорттау; Атырау қаласында  жаңа жұмыс орындарын ашу.

2010 жылы қазанда басталған КПА-ның құрылысы қазір барынша  қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 27 құрылыс алаңдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.   Нөлдік циклдағы  негізгі технологиялар қондырғылары аяқталуға жақын.   Технологиялық жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде.